26.04.2023 жылы Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ "Фтизиопульмонология орталығы" КМК –нің ӨТБ-3 бөлімшесінің аға медбикесі стационардың медбикелеріне семинар өткізді:
1.Дәрілерді есепке алу, қолдану тәсілі, дәрілерді сақтау
2.Ерте және иньекция салғаннан кейінгі болатын асқынулар жайында баяндады.
1.Дәрілерді есепке алу, қолдану тәсілі, дәрілерді сақтау мерзімдері
Дәрілік заттардың есебі дәріханада өнім берушінің бағасымен сомалық және сандық түрде атаулары және есеп тобы бойынша жүргізіледі.
Дәрілік заттардың есебі электронды есеп кітабында жүргізіледі. Дәрілік заттардың әр саудалық атауына, қапталуына, түріне, мөлшеріне жеке парақ арналады.
Дәрілік заттарды сақтау және өткізу процесінде әртүрлі функцияларды арнайы орындау,белгілі бір температура кезінде сақтауқажет.
Дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - мерзімі өткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күн.
2. Ерте және иньекция салганнан кейінгі болатын асқынулар
Иньекциядан кейінгі асқынулар профилактикасының негізгі принциптері:
1.Санитарлық эпидемиологилық режим ережелерін мүлтіксіз орындау;
2.бұлшықетішілік және көктамыр ішіне енгізу алгоритмдерін сақтау болып табылады.
Медбике дәрі – дәрмекті шатастырмауға, иньекцияға мұқият болуы. Парентеральді манипуляцалар жүргізуге кезінде антисептика мен асептикалық қатаң сақтау.
Семинарға 46 адам қатысты, соңынан қызу талқылау мен сұрақтарға жауап берілді.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1502-seminar-d-rilerdi-esepke-alu-sa-tau-oldanu-t-sili.html#sigFreeId59656519db
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1502-seminar-d-rilerdi-esepke-alu-sa-tau-oldanu-t-sili.html#sigFreeId59656519db