19 сәуір 2023 жылы Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ "Фтизопульмонология орталығының" маманы Гүлнара Алимова Алматы қалалық жұқпалы балалар ауруханасы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы адам инфекциясы: диагностика, емдеу және алдын алу. Балалардың жұқпалы аурулары. «Жаһандану дәуіріндегі балалық инфекцияның даму мәселелері мен болашағы» тақырыбында қалалық конференцияға қатысты.
«Қызылша инфекциясының клиникасы, диагностикасы және емі, бала ағзасының ерекшеліктері» тақырыбында м.ғ.д.қалалық штаттан тыс балалар инфекционисті Адыл Қатарбаев, «Туа біткен цитомегаловирусты инфекцияның өзекті мәселелері» тақырыбында балалар жұқпалы аурулары кафедрасының профессоры Ғалия Құттықожанова және де «Жаңа туылған нәрестелер мен жас балалардағы респираторлық синцитиальды вирустық инфекциядан туындаған бронхолит» тақырыбында м.ғ.к кафедра меңгерушісі Қарлығаш Жұбанышева айтып өтті.
Сондай-ақ «Амбулаторлық дәрігердің тұмау және ЖРВИ бар балаларды басқару тактикасы» тақырыбында кафедра доценті Мария Головченко және «Балалардағы энтеровирусты инфекция» тақырыбын доцент Күміскул Умешова айтып өтті.
Конференция соңынан аталған тақырыптарды кеңінен талқылап, кофе-брейкпен аяқталды.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1501-alaly-konferentsiya-balalardy-zh-paly-aurulary.html#sigFreeId94aa8feb14
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1501-alaly-konferentsiya-balalardy-zh-paly-aurulary.html#sigFreeId94aa8feb14