21 сәуір 2023 жылы Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығында» КМК қауіпсіздік және еңбек ұйымдастыру инженері Қыдырбай Сапабеков ұжымға: «Жаңа «Еңбек кодексі» жағдайындағы әйелдер еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері» тақырыбында дәріс өткізді.
Еңбек құқығының ғылымы, еңбек құқығының саралануын анықтайтын барлық негіздерінің екі топқа бөлінетінін атап айтты.
- 26 баптағы еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулар;
- 44 бап бойынша жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру;
- 51 бап еңбек шартын мерзімі өткеннен кейін тоқтату тәртібі;
- 52 бап еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздерімен таныстырды.
Сондай-ақ, өткізілген сабақта қызметкерлердің күнделікті іс-әрекеттегі қырағылығын арттыруға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметімен тығыз қарым-қатынасқа және қауіп немесе төтенше жағдай кезінде дер кезінде әрекет етуге баса назар аударуды қосымша зерттеді.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1500-auipsizdik-zh-ne-e-bek-jymdastyru-inzheneri-d-ris-tkizdi.html#sigFreeId94f647bdbf
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1500-auipsizdik-zh-ne-e-bek-jymdastyru-inzheneri-d-ris-tkizdi.html#sigFreeId94f647bdbf