20 сәуір 2023 жылы №4 қалалық ауруханасында Түрксіб аудандық медицина мекемелері арасында «Үздік мейірбике», «Үздік фельдшер» , «Үздік акушер» номинациялары бойынша сайыс өтті. Қатысқан ұжым саны-11 емхана, қатысушылар саны 14 адам болды.
«Үздік мейірбике» номинациясы бойынша ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК жансақтау бөлімінің медбикесі Диқанбекова Жансая екінші орын иеленді.
Жансая Диқанбекқызы Республикалық медицина колледжін 2011 жылы аяқтап, еңбек жолын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған Республикалық госпитальде бастаған.
2017 жылдан бастап Фтизиопульмонология орталығына жұмысқа ауысып, сол уақыттан бері жансақтау бөлімінде жемісті жұмыс атқарып келеді.
Әлемдік пандемия COVID-19 кезеңінде де алдыңғы қатардан көрініп, аянбай еңбек етті.
Ұжым арасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, үлгілі жанұяда екі қыз тәрбиелеп отыр.
Жансаяны жеңісімен құттықтаймыз! Әрқашанда еңбегі табысты, отбасында бақыт тілейміз!
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1499-audandy-zdik-mejirbike-sajysy.html#sigFreeId7cd9164a4f
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1499-audandy-zdik-mejirbike-sajysy.html#sigFreeId7cd9164a4f