2023 жылдың 5-сәуірінде Фтизиопульмонология орталығының мамандары Әуезова С.Н., Джазыбекова П.М. және Бұланбаева Г.К. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ емханасында туберкулезге қарсы атқаралып жатқан іс-шараларға жоспарлы бақылау жүргізді. Мониторинг нәтижесі бойынша туберкулез кезінде көрсетілетін медицциналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған кеңестер беріліп, ұсыныстар жасалды. Мониторинг соңында аурухана және емхана дәрігерлерлеріне арналып семинар өткізіліп, туберкулез бойынша негізгі нормативтік-құқытық актілер, әсіресе халыққа туберкулез бойынша медициналық көмек көрсету Стандартының негізгі баптары таныстырылды. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі жіті талданды. Фтизиопульмонология орталығының мамандары дәрігерлердің сұрақтарына жауап берілді.
МСАК мекемелеріндегі туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғасуда.