7-сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні - Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (ДДҰ) құрылған күнінен бастап аталып келеді. Оның жарғысы 1948 жылы 7 сәуірде қабылданған. 1950 жылдан бастап әлемнің Дүниежүзілік денсаулық ұйымына мүше екі жүзге жуық мемлекетінде бұл күнді атап өту дәстүрге айналған. ДДҰ әр жылды медицинадағы көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады. Бұл шара адам өз өмірінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдауы үшін өткізіледі.
Дүниежүзілік денсаулық күніне арнап Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ "Фтизопульмонология орталығы" КМК-ның стационар бөлімі «Салауатты өмір салтын таңдап - тезірек сауығып, үйге қайт!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Науқастармен флеш-моб өткізіп, туберкулезді ерте анықтау және алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша ақпараттық-сауаттандыру материалдары (брошюралар, буклеттер) таратылды.
Сонымен қатар, әр бөлімше күнделікті топтық дене шынықтыру өткізіп, үнемі салауатты өмір салттын насихаттап «Денсаулық сабақтарын» жүргізіп отырады.
Әр адам өз денсаулығын сақтап, күтуге жауапты екендiгiн еске саламыз! «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!»
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1488-salauatty-mir-saltyn-ta-dap-tezirek-sauy-yp-jge-ajt-ta-yrybynda-is-shara-jymdastyrdy.html#sigFreeIdcb33f07420