Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ "Фтизопульмонология орталығы" КМК мамандары Жадыра Нащеева мен Гүлнара Алимова 2023 жылдың 4-сәуірінде Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткізген «Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау» атты семинарға қатысты.

Семинарда «Госпитальдық эпидемиология», «Медицина қызметкерлерінің қол гигиенасы», «Медициналық қызметте сақтық шараларын қолдану» «Инвазивті құрылғылармен байланысты инфекциялардың алдын алу» тақырыптары қозғалып, кеңінен талқыланды.