2023 жылдың 31-наурызында Фтизиопульмонология орталығының аудан бойынша үйлестірушісі Эльвира Мұқаметкәрімқызы Алатау ауданының арнайы №2 өрт сөндіру бөлімінде «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Жиналған қызметкерлерге туберкулез ауруы туралы, оның негізгі белгілері, ауруды анықтау әдістері мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Эльвира Мұқаметкәрімқызы туберкулездің алдын алуда салауатты өмір салтын ұстанып, уақытылы және дұрыс тамақтанып, ағзаның қорғаныс күшін жоғарлатудың маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жөтел әдебін сақтап, көрінген жерге түкірмей, ауру белгілері пайда болса бірден дәрігерге қаралуға шақырды.
Бәріміз біріге отырып сүйікті қаламызда туберкулезді тоқтата аламыз!
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1484-tuberkulezdi-aldyn-alu-ta-yrybynda-d-ris-o-ydy.html#sigFreeId954395021d