Медицина саласындағы цифрлық қызметтердің кеңеюіне байланысты 2023 жылдың 29-наурызында Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-да ІТ қызметінің инженер-бағдарламашысы Наурызбаев Бекжан цифрлық қызмет көрсетудің кейбір мәселелері бойынша қосымша тәжірибелік сабақ өткізді. Сабаққа аурухананың бөлім меңгерушісі Айдар Қарабаев, бас мейірбике Иманбекова Жанар және аурухана бөлімшелерінің аға медбикелері қатысты.
Сабақта e-Otinish жүйесін қолдану дағдылары, стационарлық картаның электронды формасының дизайнын өзгерту, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру және осы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу мәселелері жан-жақты қарастылып, мамандар тәжірибе түрінде машықтанды.
Сабақ барысында осы машықтарды практикалық қолдануда туындаған сұрақтар талданып, медицина қызметкерлері толық ақпарат алды
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1482-e-otinish-zh-jesin-oldanu-da-dylary.html#sigFreeId7071446821