Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-інде 2023 жылдың 27-наурызында №1 өкпе туберкулезі бөлімшесі медбикелеріне арнап санитариялық шараларға қатысты қолданыстағы нормативті құқықтық актілерді қайталау мақсатында семинар өткізілді. Семинарда ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 тамыздағы №ҚР ДСМ-96/2020 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы мен ҚР ДСМ 2013 жылғы 23 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" ҚР ДСМ 2013 жылғы 23 сәуірдегі №111 бұйрығы мұқият талданып, қолды жуу және өңдеу тәжірибесі қайталанып, медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын бекіту үшін тәжірибе жасалды.
Қолды жуу көрсеткіштері: әр түрлі манипуляциялар жасағанға дейін және кейін, әжетханадан кейін, қызметкерлердің тамақтану алдында және кейін, науқастармен қатынаста болғанда.
Қолды жуу - бұл инфекциялардың, ең алдымен, ішек инфекцияларының, алдын алудың қарапайым әдісі. Қолды уақтылы және дұрыс өңдеу медициналық қызметкерлердің де, пациенттердің де қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар ҚР ДСМ 11.08.2020 ж. № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен регламенттелген медициналық қалдықтармен жұмыс жасау тәртібін еске түсірді. Медициналық қалдықтар - бұл денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі барысында пайда болған қалдықтар: пайдаланылған инелер мен шприцтер, ластанған киім, диагностикалық үлгілер, қан, химиялық, фармацевтикалық және радиоактивті материалдар, сондай-ақ медициналық құралдар. Медициналық қалдықтар қауіптіліктің 5 сыныбына бөлінеді:
1. А (қауіпті емес, ҚТҚ тәрізді),
2. Б (эпидемиологиялық қауіпті),
3. В (эпидемиологиялық өте қауіпті),
4. Г (токсикологиялық қауіпті),
5. Д (радиоактивті қауіпті).
Медициалық қызметкерлер қалдықтардың әр сыныбын жинау және жою талаптарын еске түсіріп, қайталады.
Медициналық қалдықтарды жинау тәртібімен қатар, толық тазалау алгоритмі санитариялық және эпидемияға қарсы шаралардың тізіміне кіреді және ауруханаларда, емханаларда инфекцияның алдын алатын тәсіл болып табылады. Семинарға қатысушылар бөлімшеде жүргізілуі тиіс толық тазалау алгоритмін ҚР ДСМ 11.08.2020 ж. № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес қайта пысықтады.
Аталған бұйрықтарды өз деңгейінде орындау көптеген асқынулар мен аурулардың алдын алады және жұмыс сапасын арттырады.