2023 жылдың 27-31-наурыз аралығында Фтизиопульмонология орталығының үйлестірушілері Тастайбекова М.М., Ахметкалиева Д.Н., Садыкова Г.М. және Филипповская Т.Н. аудандық медициналық бірлестіктерде (АМБ) «Балалар арасында туберкулез ауруының алдын алу, анықтау және бақылаулы ем жүргізу» тақырыбында мектептердің және балаларға арналған жабық мекемелердің медицина мамандарына арнап бірқатар тренингтер өткізді.
Тренингтерде балалардағы туберкулез ауруының негізгі белгілері, ауруды анықтау әдістері, Манту және АТР (Диаскинтест) сынамаларының көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және нәтижелерін бағалау, БЦЖ вакцинациясы, туберкулездің профилактикалық емінің көрсеткіштері мен бақылаулы емді ұйымдастыру, мектеп оқушылары арасында туберкулезді анықтау және диагностикалау мәселелері қарастырылды. Фтизиопульмонология орталығының мамандары тренингке қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, клиникалық жағдайларды мысалға келтіріп, талдау жасады.
Тренингтің алдында бастапқы білім деңгейін бағалау үшін алдын ала тестілеу, ал оқу аяқталғаннан кейін посттесттер өткізілді. Оқытудан кейін БМСК мамандарының туберкулездің алдын алу және анықтау бойынша білім деңгейі орта есеппен 40%-ға жақсарды.
БМСК мамандарының туберкулез мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру және туберкулезге қатысты зейінділігін арттыру мақсатында бұл тренингтер алдағы уақытта да жалғасын табады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1479-balalar-arasynda-tuberkulez-auruyny-aldyn-alu-any-tau-zh-ne-ba-ylauly-em-zh-rgizu.html#sigFreeId6bc4c88adf