(ФО) директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.Л.Айнакузованың төрайымдығымен бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Өлім жағдайларын зерделеу комиссиясының (КИЛИ) отырысы өтті. Отырыс ФО-да ем алған науқастардың өлім жағдайларын талдауға арналды. Комиссия мүшелері стационарлық науқастардың медициналық карталарымен, емдеу тактикасымен, мамандар кеңесінің уақытылылығымен, рецензиялармен танысты. Жұмыс барысында өлім-жітім себептері, медициналық қызмет алудың әртүрлі кезеңдеріндегі науқастардың жолдары, клиникалық диагностикалық тексерулердің сапасы және толықтығы жан-жақты талданды.
КИЛИ отырысының нәтижесі бойынша қорытынды шығарылып, хаттамалық шешім қабылданып, өлім-жітімді болдырмау мақсатында әртүрлі кезеңде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді. Өткен жылмен салыстырғанда өлім-жітім 17%-ға төмендегені атап өтілді.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1478-2023-zhyldy-28-nauryzynda-almaty-alaly-ftiziopulmonologiya-ortaly-ynda.html#sigFreeIdc3961ce90b