Биылғы жылы туберкулезге қарсы күрес айлығы «Біз туберкулезді тоқтата аламыз» ұранымен өтуде. Айлықтың басты мақсаты –тұрғындарға туберкулездің алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, ауруды анықтау әдістері туралы ақпарат беру, ауру белгілері пайда болған жағдайда қайда барып қаралу керектігін, уақытылы тексеруден өтіп тұрудың маңызын, туберкулез ауруына қарап-тексеру және оны емдеу тегін жүргізілетінін тұрғындарға жеткізу.
2023 жылдың 14-наурызында Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-ның мамандары Иманбекова Жанар, Алимова Гүлнара, Сапарбаева Гүлжанар, Рожина Анна және Ундасынова Олеся аталған айлық аясында Түркісіб ауданында орналасан «Алтай» әмбебап базарына барып, тұрғын халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізіп, сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық-сауаттандыру материалдарын таратты.
Аталған шара қаламызда туберкулез ауруын тоқтатуға септігін тигізеді деген үміттеміз.