Иманбекова Жанар, Алимова Гүлнара, Сапарбаева Гүлжанар, Рожина Анна және Ундасынова Олеся Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар басқармасының «Пана» Әлеуметтік бейімдеу орталығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай орталықта қызмет алушылармен кездесіп, дәріс өткізді.
«Пана» әлеуметтік орталығы тұрақты мекен-жайы мен құжаттары жоқ азаматтарға қызмет көрсетеді. Құжаттары рәсімделіп, тұратын жерлері анықталғанша азаматтар осы орталықты жарты жылдан 1,5 жылға дейінгі уақытта паналай алады. Орталықтың дәрігері Уздембаева Бақыт пен мейірбике Абдикаримова Жадыра аталған орталықта қызмет алушыларды жүйелі түрде тексеріп отырады. Орталықта ҚР азаматтары және алыс-жақын шетел азаматары бар.
Биыл туберкулезге қарсы күрес айлығы «Біз туберекулезді тоқтата аламыз» ұранымен өтуде. Фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері осы бағытта туберкулездің жеке және әлеуметтік алдын алу шаралары, туберкулездің алғашқы белгілері туралы ақпарат берді. Уақытылы тексеруден өтіп тұрудың маңызын жеткізді. Қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық-сауаттандыру материалдары таратылды.