Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №29 қалалық емханасында «Мен денсаулықты таңдаймын! Біз туберкулезді жеңе аламыз» атты ашық есік күні өткізілді. Фтизиопульмонология орталығы мамандары емханаға барып, емханаға келген тұрғындар арасында ақпараттық жұмыс жүргізіп, туберкулез ауруы туралы, оның белгілері, анықтау әдістері мен алдын алу туралы ақпарат берді, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық-сауаттандыру материалдарын таратты. Туберкулез ауруына қарап-тексеру, оны анықтау мен емдеу тегін екеніне жіті назар аударылды. Сонымен қатар, туберкулезге шалдығып, амбулаторлы ем алып жүрген науқастарға қала әкімшілігі тарапынан ай сайын әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы да айтылды.
Тұрғындар аурудың белгілері, БЦЖ-вакцинасы, туберкулезге шалдыққан науқастарға қосымша қандай ем қабылдау керек екендігі туралы сұрақтар қойды. Осындай шараларды жиі өткізіп, халықтың сауаттығын арттырып, халықтың туберкулез ауруына деген көзқарасын өзгертіп, туберкулезге байланысты кемсітушілік пен стигманы азайту керектігін де ерекше атап өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1454-2023-zhyldy-15-nauryzynda-d-niezh-zilik-tuberkulezben-k-res-k-nine-arnal-an-ajly-ayasynda.html#sigFreeId6db47178ed
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1454-2023-zhyldy-15-nauryzynda-d-niezh-zilik-tuberkulezben-k-res-k-nine-arnal-an-ajly-ayasynda.html#sigFreeId6db47178ed