Мұхаметкаримқызы Эльвира, Садықова Гүлмира, Нусипова Айсұлу және Сембекова Гүлназ кесте бойынша 2023 жылдың 13-наурыз күні № 19 қалалық емханада мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты- БМСК мекемесінде туберкулезбен күресу бойынша көрсеткіштердің орындалуын бағалау және емхананың туберкулезге қарсы атқарып жатқан іс-шаралар барысын тексере отырып, әдістемелік көмек көрсету.
Былтырғы жылғы мониторингпен салыстырғанда жалпы тәжірибе дәрігерлерінің инфекция ошақтарындағы жұмысы, ТБ081 журналын толтыруы, флюорографиялық жоспардың орындалуы жақсарған.
Сондай-ақ, емхана мамандарына туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеудің негізгі тұстары бойынша семинар жүргізіліп, семинардан кейін мамандарды аттестациялау өткізілді.
Семинарға 35 адам қатысты.
Қаламыздың емханаларында туберкулезге қарсы іс-шараларыдың сапасын жақсартып, туберкулез ауруын уақытылы анықтап, тиімді емдеп, бірте бірте толық жою мақсатында осы шаралар әрі қарай жалғастырылады.