Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ "Фтизопульмонология орталығы" КМК –де 2023 жылдың 14-наурызында 4- өкпе туберкулез бөлімшесінің фтизиатр-дәрігері Имашева Гульнара Жексенқызы бөлімшеде науқастармен сабақ өткізді.
2023 жылғы туберкулезге қарсы күрес айлығы: «Біз туберкулезді тоқтата аламыз!» ұранымен өтуде. Гульнара Жексенқызы ем қабылдап жатқан науқастарға емделудің маңыздылығы, күн тәртібінің емделу процессіндегі үлесі жайлы жан-жақты түсіндірді.
Әрбір адам аурудың алдын алу талаптарын орындаса, уақытында дәрігерге қаралып, тексеріліп тұрса, ауру анықталған жағдайда үзбей ем қабылдаса, туберкулезді тоқтатуға болатынын жете түсіндірді.
Ең бастысы –сенім мен тәртіп болғанда мақсатқа жетудің де оңай екендігі.
Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол іздейік!