28 ақпан 2023 жылы ДСБ Алматы қаласы ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-офицер функциясын косымша атқарушы заңгер Қыстаубаева Ү.Ө. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында әкімшілік пен мониторинг және бағалау бөлімінің қызметкерлеріне семинар өткізді.
Жемқорлық дегеніміз (латын тілінде «corruptio»–сатып алу) - мемлекеттік басқару құрылымдағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.
2014 жылғы 3-шілдедегі №226-VҚРЗ ҚР «Қылмыстық кодексінің» 250 (өкілеттіктерді теріс пайдалану), 366 (пара алу), 450 (билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану), 253 (коммерциялық сатып алу) баптарында қызмет өкілеттігін теріс пайдалану бойынша айтылған.
Қазақстан азаматтарының коррупцияға қарсы мінез-құлқы моделін қалыптастыру, «Сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, коррупцияға адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындату керек.
Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамытуы тиіс.
Құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жоюға ат салысуымыз керек.
Осылай құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету қолға алынуда. Семинар соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы қысқаметражды видеофильм ұсынылды.
Үржамал Қыстаубаева қызметкерлерге жемқорлықтың соңы қандай қылмыстық жауапкершілікке апаратынын және айналаға қалай әсері болатынын слайдтартар көмегімен жете түсіндірді.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1413-sybajlas-zhem-orly-syz-bolasha.html#sigFreeId48029348cb