01 наурыз 2023 жылы «Мейірімді жол» қоғамдық қоры ҚМҚ «Орталық Азиялық АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қауымдастығымен» бірлесіп, Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі » КММ-нің оқу-әдістемелік орталығында «БІЗ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ТОҚТАТА АЛАМЫЗ» ұранымен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай семинар-тренинг өткізді. Семинар лекторлары «Мейірімді жол» қоғамдық қорының жетекшісі Мадияр Абдилов пен АМЕС жобасының директоры Оксана Ибрагимова туберкулезге скринингтің қалай жүргізілетіні туралы, туберкулезбен ауыратын науқастарға күтім жасаудың негізгі принциптері және АИТВ-инфекциясы туралы соңғы деректермен бөлісті.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1410-biz-tuberkulezdi-to-tata-alamyz.html#sigFreeId86fb376a0d