Алматы қалалық ДСБ ШЖҚ "Фтизопульмонология орталығы" КМК -де 2023 жылдың ақпанның 1-нен бастап физиокабинет ашылды. Қазіргі медицина саласында қол жеткізген үздік аппараттар, атап айтқанда Радиус-1,Витафон-2 құрылғылары іске қосылып, жұмыс жасауда. . Соңғы жылдары жасына қарамастан көптеген науқастар буын ауруына жиі шағымданады. Бір айдың ішінде 33 науқас қосымша ем алды. Кәсіби жоғары дәрежеде жұмыс жүргізіліп, науқастар нәтижелі емге қол жеткізуде. Фтизиопульмонология орталығында негізгі ауруынан басқа, қосымша физиоем қабылдаған науқастар денсаулықтарындағы ақаудың жақсарғанын айтып, алғыс пікірлерін білдіруде.
Одан бөлек, небулайзер құрылғылары да іске қосылған. Осы құрылғы арқылы ингаляциямен емделген науқас жандардың көпшілігі денсаулықтарындағы кінараттан айығып, өкпе-тыныс жолдары жұмыстарының жақсарғандығын қуана айтады. Алдағы уақыттарда физиоем қабылдаудың тиімді жақтарын іс-тәжірибемізге кең ауқымда қолданамыз деген ойдамыз.