Фтизиопульмонологиялық орталықтың үйлестірушісі Тастайбекова М.М. 2023 жылдың 21 ақпаны мен 2 наурызы аралығында қалалық емханалардың егу кабинеттеріндегі медицина қызметкерлеріне және олардың тыңдаушыларына «Балалар арасындағы туберкулездің алдын алу және анықтау» тақырыбында бірқатар тренингтер өткізді.
Тренингте Манту және АТР (Диаскинтест) сынамаларының, БЦЖ вакцинациясының мақсаттары, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және нәтижелерін бағалау, мүмкін болатын жағымсыз құбылыстар мен асқынуларды талдай отырып, тері ішілік сынамалар мен БЦЖ вакцинациясының техникасына баса назар аударылды.
Тренингтің алдында бастапқы білім деңгейін бағалау үшін алдын ала тестілеу, ал оқу аяқталғаннан кейін посттесттер өткізілді. Оқытудан кейін МСАК ұйымдарының екпе бөлмелері мамандарының балалар арасындағы туберкулездің алдын алу және анықтау бойынша білім деңгейі орта есеппен 30%-ға жақсарды.
Тренингтерде екпе кабинеттерінің 104 медбикелері оқытылды.
Бұл тренингтер алдағы уақытта МСАК мамандарының туберкулез мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру, БЦЖ вакцинасын егу, Манту және АТР сынамаларын салу техникасын сақтау мақсатында әрі қарай жалғасын табады.
---------
Координатор Центра фтизиопульмонологии Тастайбекова М.М. с 21 февраля по 2 марта 2023 года провела серию тренингов для медицинских работников прививочных кабинетов городских поликлиник и их дублеров на тему «Профилактика и выявление туберкулеза среди детей».
На тренинге были освещены цели, показания, противопоказания и оценка результатов проба Манту и АТР (Диаскинтест), проведение вакцинации БЦЖ с акцентом на технику проведения внутрикожных проб и вакцинации БЦЖ, возможные нежелательные явления и осложнения.
Перед проведением тренинга для оценки базового уровня знаний были проведены претесты, а после завершения тренинга – посттесты. После тренинга уровень знаний специалистов прививочных кабинетов ПМСП по вопросам профилактики и выявления туберкулеза среди детей улучшился в среднем на 30%.
Всего обучено 104 медицинских сестер прививочных кабинетов.
Данные тренинги будут продолжены и в будущем с целью повышения уровня знаний специалистов ПМСП по вопросам туберкулеза, соблюдения техники вакцинации БЦЖ и постановки проб Манту и АТР.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1405-balalar-arasynda-y-tuberkulezdi-aldyn-alu-zh-ne-any-tau.html#sigFreeId122807eac6