2023 жылдың 7-наурыз күні Фтизиопульмонологиялық орталықта Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Кеш барысында орталықтың директоры Ж.Ә. Сәпиева ұжымның ару қыздары мен аналарына тілек сөзін жолдады. Кәсіби одақтың төрайымы С.Н. Әуезова барлық қыз-келіншек, апа-әжелерді мерекемен құттықтай отырып, орталықтың директоры Ж.Ә. Сәпиева мен дәрігер-фтизиатр Г.Ж. Имашеваға Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатын, орталықтың еңбек ардагерлері Г.Т.Ақбаева мен Қ.Н.Молдахметоваға мерекелік концертке билет, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Алматы қалалық филиалы атынан Ж.Ә. Сәпиева сыйлық табыстады. Мерекелік кеште ұжымның келесі мүшелерінің еңбектері жоғары бағаланып, фтизиопульмонология орталығы директоры атынан алғыс хат табысталды: Шавлахова М.А., Оралбаева Г.С., Циммерман О.В., Өтеулиева Ж.К., Жұмағараева Н.К., Асылбаева Г.М., Ноғайбаева Э.Б., Түсіпбекова С.М., Базылова А.А., Нұрсадықова Г.Р., Шымгенова Л.Т., Түкетаева Ш.Т.
Кешті анестезиология және реаниматология бөлімшесінің мамандары ретро стильде ұйымдастырып, әсем әнмен әрлеп, бимен сәндеп, аяулы аналарға құрмет білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.