Жыл сайын 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында 24наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай туберкулездің алдын алу айлығы өткізіледі. Биылғы жылы туберкулезге қарсы күрес айлығы: «Біз туберекулезді тоқтата аламыз» ұранымен өтуде.
Айлықтың басты мақсаты – тұрғындарды туберкулез ауруының белгілері, аурудың алдын алу жолдары туралы ақпараттандырып, ауру белгілері байқалса уақытылы дәрігердің көмегіне жүгінудің маңыздығын тұрғындарға жеткізу.
28-ақпаннан бастап №2 қалалық емхананың фтизиатр-дәрігері Светлана Ибрагимова емхананың жалпы тәжірибе дәрігерлерімен бірге 280 адамды қамтып әңгімелер жүргізіп, 80 буклеттер таратты, семинарлар өткізді. Сонымен қатар, 6-наурыз күні Кеңсай дәрігерлік амбулаториясында (ДА) «ашық есік» күні өткізілді.
10-наурыз 2023 жылы Думан ДА,17 наурыз күні №2 ҚЕ «ашық есік» күнін өткізу жоспарлануда. Дәрігер-фтизиатрға сұрақтарыңыз болса немесе денсаулығыңыз сыр беріп жүрсе, келіп тексеруден өтіңіздер.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1402-biz-tuberekulezdi-to-tata-alamyz.html#sigFreeId5a24042ad8
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1402-biz-tuberekulezdi-to-tata-alamyz.html#sigFreeId81c2361bb6