Конференция Орталық Азиядағы туберкулезді тоқтату жөніндегі USAID жобасы аясында ұйымдастырылды, конференцияны ұйымдастырушылар Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Фтизиопульмонология орталығы және AFEW Қазақстан қоғамдық қоры болды.
Конференцияға Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, БҰҰ-ның туберкулез бойынша сарапшысы, ҰФҒО, ҮЕҰ, Пана бейімдеу орталығы, МСАК бірінші басшылары, МСАК әлеуметтік қызметкерлері және науқастары болды.
Туберкулезге қарсы іс-шаралардың маңызды мәселелерінің бірі емделудің амбулаторлық сатысында жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға психо-әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Алматы қаласы бойынша Алматы қ. Мәслихатының қаулысымен 2016 жылдан бастап ай сайын барлық емделу мерзіміне амбулаторлық емделуде жатқан туберкулезбен ауыратын барлық науқастарға 36 700 теңге көлемінде әлеуметтік көмек бөлінеді.
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша туберкулезбен ауыратын 775 науқасқа 161 251 910 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетті (туберкулезге қарсы бағдарламаның жалпы бюджетінің 7,2%-ы, стандарты -4,0%).
Конференцияда қоғамдық детерминанттарға байланысты туберкулезге қарсы іс-шараларға ҮЕҰ-ның табысты қатысуы туралы ақпарат ұсынылады, бұл бізге азаматтық сектордың қатысуымен туберкулезге қарсы іс-шараларды тиімдірек құруға және МСАК әлеуметтік қызметкерлер мен қалалық қызметтердің толық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1392-2022-zhyl-y-13-zhelto-sanda-almaty-merkur-ona-jini-bazasynda-almaty-alasynda-tuberkulezge-arsy-is-sharalardy-jymdastyruda-y-msak-zh-ne-e-da-y-leumettik-yzmetkerdi-r-li-atty-konferentsiya-tti-22.html#sigFreeIdb09a7c6502
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1392-2022-zhyl-y-13-zhelto-sanda-almaty-merkur-ona-jini-bazasynda-almaty-alasynda-tuberkulezge-arsy-is-sharalardy-jymdastyruda-y-msak-zh-ne-e-da-y-leumettik-yzmetkerdi-r-li-atty-konferentsiya-tti-22.html#sigFreeIdb09a7c6502