2022 жылдың 21 желтоқсан күні Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында бас.медбике Иманбекова Жанар, эпидемиология бөлімінің қызметкерлері Алимова Гүлнара мен Ералиева Лиза «Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар инфекциялық бақылау және медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі» тақырыбында семинар сабақ өткізді.
Сабақ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКҚК оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, 2022 жылдың 6-10 желтоқсан аралығында Израйльдің Рамбам ауруханасының жедел жәрдем және қабылдау бөлімінің бас медбикесінің орынбасары (Хайфа, Израиль) Александр Борисович Крамский жүргізген шеберлік сабағы негізінде өткізілді.
Семинарда денсаулық сақтаумен байланысты инфекциялардың (ДСБИ) өзектілігіне тоқтала отырып, видеороликтар мен слайдтар көрсетілді.
Бүгінгі күні медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың заманауи жағдайында өзектілігі жаһандық мәселелердің бірі болып табылады.
ДСБИ кең таралуымен, пациенттердің, медициналық ұйымдар персоналының денсаулығы мен өміріне жағымсыз салдарларымен, ұлғаюына байланысты медициналық (соның ішінде стационарлық) көмек көрсету құнының өсуімен анықталады, стационарлық емдеу ұзақтығында төсек айналымының төмендеуі, денсаулық сақтау саласының қосымша ресурстарға қажеттілігінің артуына алып келеді.
ДСБИ жиі кездесетін түрлері: хирургиялық инфекциялар, тамырларды катетеризациялаумен байланысты қан ағымы инфекциялары, механикалық желдетумен байланысты тыныс алу жолдарының инфекциялары, зәр шығару көпіршіктерімен байланысты несеп шығару жолдарының инфекциялары және т.б.
Семинарға қатысушылар көптеген қызықты сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Семинарға 41 қызметкер қатысты.