2022 жылдың 23 желтоқсан күні Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында (әрі қарай - ФО) ЮСАИД жобасының «AFEW Kazakhstan» қоғамдық қоры мен ФО қызметкерлері бірлесе отырып, амбулаторлық ем қабылдап жүрген науқастармен ескі жылды шығарып салуға жиналып, мерекелік іс-шара өткізді.
Шараға келген науқастарды директордың орынбасары Қазима Қажикенова мен бөлім меңгеушісі м.а. Гүлшара Ақбаева құттықтады. Концерттік бағдарлама көрсетіліп, қызықты викторина мен жұмбақтар жасырылып, жиналған орта бір сәтке балалықты еске алды. Көңілді ортада емделудің ұзақ жолынан өтіп, ауыр сәттерді артта қалдырған емделушілерге сыйлықтар тапсырылды. ФО қызметкерлерімен әсем ән салып, би биленіп, келушілердің барлығына тәтті сыйлықтар үлестірілді. Кездесуді ұйымдастырушылар барлық кездесуге қатысқандарды келе жатқан 2023 жылмен құттықтап, жақсы тілектер айтылды.
ӘОрталық