2022 жылғы 24 қаңтарда Фтизиопульмонология орталығында аралас форматта (офлайн және онлайн) кеңес өтіп, онда Орталықтың директоры Сапиева Ж.А. 2022 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Бұл кеңеске Орталықтың бақылау кеңесінің төрағасы Ж.Т.Данишкин, Түрксіб аудандық РМО басшысы Солтанғазиев А.А., Орталықтың және «Мейірімді жол» ҮКЕ қызметкерлері қатысты.
Жыл қорытындысы бойынша кредиторлық берешектің болмауы, шағымдардың болмауы, азаматтардың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттануы, медициналық жабдықтармен жабдықталу деңгейі, медициналық ұйымдар басшыларының KPI барлық көрсеткіштеріне, сондай-ақ стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың көрсеткіштері және медициналық қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерінің барлығына қол жеткізілді.
2022 жылдың нәтижесі бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Туберкулезбен ауыру деңгейі 2021 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға төмендеді және 100 мың халыққа шаққанда 23,1-ге қарсы 22,6 құрады (ҚР – 100 мың халыққа 36,5).
Туберкулездің бактерия бөлуі бар жаңа жағдайларын емдеу тиімділігі 80,5%-дан 87,9%-ға (ДДҰ стандарты – 85%), дәріге төзімді туберкулезді емдеу тиімділігі 75%-дан 79%-ға (ДДҰ стандарты – 75%) дейін артуы байқалды.
Пациентке бағытталған технологияларды қолдану кеңейіп келеді. Осылайша, туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаторлық емдеумен қамту 69,6%-ды құрады (жоспар – 55%). Науқастардың 59,6%-ы бейнебақылаулы, 10,5%-ы үй жағдайында және 29,8%-ы жақын маңдағы емханалардың ТБЕ кабинеттерінде ем алады. Науқастардың амбулаториялық кезеңдегі емделуге бейімділігін арттыру үшін қала әкімдігі ай сайын 876 науқасқа 184,7 млн.теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетті.
МСАК мекемелерінде туберкулезді уақытылы анықтау және бақыланатын емдеу шараларының сапасын арттыру мақсатында тұрақты мониторинг және МСАК мамандарын оқыту жүргізілуде. 2022 жылы 156 мониторинг жүргізіліп, 811 дәрігер жұмыс орнында білім деңгейін жоғарлатты.
2023 жылы туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуге, дәрілік заттардың қауіпсіздігіне белсенді мониторинг жүргізуге баса назар аудара отырып, негізгі іс-шараларды ҮЕҰ-ды тарта отырып жалғастыру жоспарлануда.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1377-2022-zhyldy-esep.html#sigFreeId6a5dd8d8d7
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1377-2022-zhyldy-esep.html#sigFreeId6a5dd8d8d7