Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-ның мониторинг және бағалау бөлімшесінің мамандары кесте бойынша қалалық емханалар мен ауруханалардағы туберкулезге қарсы шаралардың орындалуы және оның сапасына бақылау жүргізуді жалғастыруда. Орталық мамандары Ахметқалиева Дариға мен Мұхаметкаримқызы Эльвира 2023 жылдың 25-қаңтарында СШЖ «Саялы» емханасында мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты - БМСК мекемесінде туберкулез бойынша көрсеткіштердің орындалуын бағалау және емхананың туберкулезге қарсы жасалып жатқан іс-шаралар барысын тексере отырып, әдістемелік көмек көрсету. Мониторинг соңында емхана мамандарына бақылау кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға және туберкулез бойынша нормативтік құжаттарды түсіндіруге бағытталған семинар жүргізілді. Семинардан кейін мамандарды аттестациялау өткізілді. Осы бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады.