2023 жылдың 31-қаңтарында Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының БжБ тобының фтизиатр дәрігері, м.ғ.к. Джазыбекова П.М. Орталық клиникалық аурухана мамандары үшін «Аурухана деңгейінде туберкулезді дер кезінде анықтау» тақырыбында онлайн семинар-тренинг өткізді. Барлығы 75 дәрігер мен мейірбике қатысты.
Тренингке қатысушылардың назарына туберкулез бойынша негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер, нормативтік құқықтық актілер ұсынылды.
Қатысушылар туберкулезді анықтаудың заманауи әдістерімен, соның ішінде Xpert® MTB/RIF (GeneXpert) жылдам молекулалық диагностика әдісімен, таныстырылды. Xpert® MTB/RIF – 2 сағат ішінде туберкулезді және рифампицинге төзімділікті анықтайтын толық автоматтандырылған нақты уақыттағы ПТР жүйесі. Туберкулездің ПТР диагностикасының нәтижелерін интерпретациялау туралы да ақпарат берілді.
Биологиялық үлгіні туберкулезге зертханалық зерттеуге жолдаманы және ТБ 081 «Туберкулезге күдікті науқастарды тіркеу журналын» толтыру мәселелері де талқыланды.
Сондай-ақ ауа арқылы таралатын аурулар кезіндегі инфекциялық бақылау мәселелері қамтылды. Туберкулез ауруына күдікті науқастарды анықтау және оқшаулау, молекулалық-генетикалық зерттеу үшін биологиялық материалды жинау және зертханаға жеткізуді ұйымдастыру, жөтелі бар науқастарды бір реттік бетпердемен қамтамасыз ету, жұмыс орнын жүйелі түрде желдету және экранды ультракүлгін сәулелендіргіштерді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тренинг соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алды.