2022 жылдың 13 желтоқсанында Алматы қаласында, Mercure қонақ үйінде «AFEW Kazakhstan» Қоғамдық қоры мен ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК бірлесіп ұйымдастырылған Орталық Азиядағы туберкулезді жою бойынша USAID жобасы аясында конференция өтті.
Қатысушылар: Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Төлемісова Арай Мағауянқызы №5 Денсаулық сақтау, білім және халықты жұмыспен қамту комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми88 фтизиопульмонология орталығынан, Алматы қаласы әкімдігінен, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері Қоғамдық денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының, «ПАНА» бейімдеу орталығының, Алматы қаласындағы емханалардың жетекшілері мен әлеуметтік қызметкерлері, Жаһандық қор қызметкерлері, ҮЕҰ, туберкулезбен ауратын науқастар (амбулаториялық емделуде), оның ішінде қолдау тобы, журналистер. Барлығы 80-нен астам адам қатысты.
Модераторлар:
Сәпиева Жанар Әділханқызы – Алматы қаласындағы фтизиопульмонологиялық орталықтың директоры.
Макатер Вера – USAID Орталық Азиядағы туберкулезді жою жобасының AFEW Қазақстан қоғамдық қорының бағдарлама маманы.
Құттықтау сөзімен Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мүшесі, медицина ғылымдарының докторы Төлемісова Арай Мағауияқызы, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары, Ляйля Тұрсынбекқызы Иманғалиева және USAID Орталық Азиядағы туберкулезді жою жобасының директоры Майя Қулшарова сөз сөйледі.
Конференцияда келесі баяндамалар тыңдалды:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының туберкулез бойынша өкілі Ирина Гилманова АҚШ-тан онлайн режимінде Zero TB city жобасы, әлемдегі туберкулезге қарсы жағдай, келешегі мен Zero TB қолдаған қалаларының ҮЕҰ дамыту жобалары туралы.
2. Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева Алматы қаласындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы туралы. Туберкулезге қарсы көмек көрсету динамикасы – табыстар, мүмкіндіктер, өзекті мәселелер туралы баяндады.
3. «AFEW Kazakhstan» ҚҚ қолдау тобының үйлестірушісі Мадияр Әбділов амбулаторлық емделуден өтіп жатқан науқастарды зерттеу нәтижелері туралы баяндады.
4. AFEW Қазақстан Қоғамдық қорының бағдарлама маманы Вера Макатер: Орталық Азиядағы туберкулезді тоқтату үшін USAID жобасы бойынша онлайн сауалнама жүргізді «Туберкулезбен ауыратын науқастармен жұмыс істеуге әлеуметтік қызметкерлердің қатысуы мен дайындығын бағалау».
5. USAID Орталық Азиядағы туберкулезді жою жобасының коммуникациялар және ҮЕҰ маманы Эльмира Аликеева, «Алматы қаласында туберкулезбен күресудегі құқықтық, гендерлік және басқа да әлеуметтік кедергілерді, сондай-ақ стигманы бағалау» зерттеуінің нәтижелерінің презентациясын көрсетті.
6. «ПАНА» бейімдеу орталығының басшысы: Тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында туберкулезді анықтауды ұйымдастыру тақырыбына презентация жасады. Бейімдеу орталығының ерекшеліктері туралы баяндады.
Конференцияның мақсаты – туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің амбулаторлық сатысында психо-әлеуметтік қолдау мәселелерін, ҮЕҰ мен медициналық ұйымдардың әлеуметтік қызметкерлерінің рөлін талқылау, науқастарға қажетті көмек көрсету және науқастардың өзекті мәселелерін шешу.