View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1348-msak-mamandaryn-o-ytu.html#sigFreeId46b916a690
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1348-msak-mamandaryn-o-ytu.html#sigFreeId46b916a690
2022 жылдың 8-9 желтоқсанда Фтизиопульмонология орталығында Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету (МСАК) ұжымдарының мамандарын оқыту жалғасуда. Кезекті оқыту Туберкулез науқастарының Ұлттық Регистрі Ақпараттық жүйесі (Әрі қарай ТНҰР АЖ) туберкулез науқастарын, олармен қарым-қатынаста болғандарды, виражды есепке алу, туберкулез науқастарын емдеу мен профилактикалық ем жүргізуде препараттарға қажеттілікті анықтау, әртүрлі аналитикалық сызбаларды қалыптастыруға арналған.
Сабақты ҚР ДСМ ҰҒО маманы Р. Н. Абдуллаев жүргізді.
Балалар мен ересектер арасында туберкулезбен ауыратын, байланыста болған және жұқтырған адамдардың динамикалық бақылау мәселелері және ақпаратты енгізу толық берілді. Өткізілген оқыту барлық статистикалық мәліметтер және көрсеткіштер ТНҰР-дан электрондық нұсқалар қалыптасатындықтан өте маңызды болып табылады. Кез келген қателік статистикалық есептер мен көрсеткіштердің бұрмалануына әкеледі.
Семинарға «Алатау» ҚА және №7 қалалық емханалардың дәрігерлері қатысты. Тренинг алдында және соңында тестілеу өткізілді.
Оқытудан өткен мамандарға көлемі 20 сағат болатын сертификат беріледі.