View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1338-medbikeler-seminary.html#sigFreeIde90b313b76
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1338-medbikeler-seminary.html#sigFreeIde90b313b76
Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында 2022 жылғы 30 қарашасында пульмонология және жансақтау бөлімінің медбикелері ұйымдастыруымен медбикелерге семинар сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы:
Жансақтау бөлімі бойынша:
1. Қысым жарасы бар науқастарға күтім жасау стандарты бойынша медбике Шолпан Байбукашева толықтай әңгімелеп,слайд бойынша түсіндіріп өтті.
2. Орталық венозды катетерге күтім жасау тақырыбында медбике Мұқаева Айжан керекті толық жиынтықты көрсете отырып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып көрсетті.
3. Қуыққа катетер салу бойынша Омарова Палайым катетер қалай қойылуы керек, күтім жасалуы мен ауыстырылуы жайлы қажетті материалдарды пайдаланып таныстырды.
Пульмонология бөлімі:
1. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ӨСОА) қауіп-қатерлі факторлары, қандай лабораториялық зерттеулерді қажет етеді, сонымен қатар қосымша диагностикалық шаралар жайлы медбике Амиреева Толқын таныстырды.
2. Бронхоскопияға дайындық пен бұл тексерудің мәні туралы Адилханова Гулнара түсіндірді.
3. «Қара код» қаупі және бұл жағдайында қандай тактика қолдану керектігін Рожина Анна түсіндіріп ,бөлім медбикелері ролдік ойынмен толық көрсетті.
Семинар барысында барлық тақырып кеңінен қамтылып, қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.Семинарға 49 адам қатысты.