2022 жылдың 18 қарашасында Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығында «Науқасты аспаптық ультрадыбыстық зерттеуге дайындау. Компьютерная томография» тақырыбында медбикелер арасында семинар сабақ өтті. Сабақты сәулелік диагностика бөлімі жүргізді.
Семинар өткізудегі мақсат – науқасты тексеруге сапалы дайындау және аппараттар арасындағы айырмашылықты түсіндіре білу.
Рентгенография, компьютерлік томография диагностиканың аппараттық әдістері болып табылады.
Біздің орталықтың келесі буын CT 64-кесінді EVO Revoluotion CT радиация дозасын 82%-ға дейін төмендете отырып, 160 мм детектор аймағында жоғары кескін сапасын қамтамасыз етеді. «Ардиагностикалық-8» РДА сандық рентген аппараты қуаттың үлкен қорымен және кеңейтілген функциялардың көмегімен негізінен РДА-да жүргізуге болатын зерттеулердің барлық түрлерін орындауға мүмкіндік береді: сызықтық томография, ішектерді, бас сүйекті, қаңқа сүйектерін тексеру, урография, миелография, қан тамырлары мен өкпені тексеру, бронхография, ангиография жоғары сурет сапасымен көрсетіледі.
Affiniti 30 ультрадыбыстық зерттеуі әртүрлі зерттеулерге арналған озық құралдармен жабдықталған. Бұл жоғары кескін сапасы мен жылдам диагностиканы қамтамасыз ететін тиімді және сенімді құрал.