1. "Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету Стандарты" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 107 жаңа бұйрығы.
2. Латентті туберкулез инфекциясы. Профилактикалық ем жүргізу.
3. «Алматы қаласының СЭБД» және Алматы қаласы ДСБ-ның 01.11.2022 жылғы № 418 бірлескен бұйрығымен танысу.
4. Алматы қаласы ДСБ алқасының 04.11.2022 жылғы хаттамалық нұсқауымен танысу.
Семинарға Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Медеу аудандарының БМСК мекемелерінің фтизиатрлары мен фтизиопедиатрлары қатысты.
Т ренингті директордың клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Айнакузова Гүлмира, мониторинг және бағалау бөлімінің меңгерушісі Әуезова Саулеш және үйлестіруші дәрігер Ахметқалиева Дариға жүргізді.
Оқыту барысында туберкулез бойынша нормативтік құқықтық актілер, туберкулезбен ауыратын науқастарға амбулаториялық көмек көрсету, фтизиатрлардың емханада туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізу кезінде ұйымдастыру шараларын орындауы, БМСК деңгейінде туберкулез бойынша жұмысты бағалау көрсеткіштері талқыланды.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау менеджері Жигитекова Майгүл қалалық емханалардың фтизиатрларымен әңгімелесіп, фтизиопульмонологиялық көмек көрсету бойынша ұйымдастыру шараларына қатысты сұрақтарға жауап берді, емханаларға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша анықтаманы алғаннан кейін емханалардан дер кезінде кері байланыс орнату қажеттігін айтты.