View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1311-khaly-araly-radiologiya-k-ni.html#sigFreeId23cb33cb04
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1311-khaly-araly-radiologiya-k-ni.html#sigFreeId23cb33cb04
8 қарашада бірден екі мереке аталып өтіледі – Халықаралық радиология күні (International Day of Radiology) және бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ ресми мәртебесі жоқ Рентгенолог күні.
Алматы қаласындағы фтизиопульмонология орталығында стационарда және амбулаториялық науқастарға арналған екі 64 кесінді Revolution EVO компьютер томогрофиясы, сондай-ақ сандық рентген аппараттары бар.
Фтизиопульмонология орталығының радиациялық диагностика бөлімінде жоғары білікті рентгенологтар жұмыс істейді. Жетекшісі Зарина Иманқұлова мен жоғары санатты дәрігер Нұртас Бекбосынов, сондай-ақ дәрігерлер Марина Образцова мен Данияр Якупов.
Рентгенологтарымызды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, денсаулық және жұмыстарына табыс, әр істе амандық тілейміз!!!
Рентгенография туралы қысқаша мәлімет берген СДБ жетекшісі Зарина Иманқұлова: Рентгенография ағзалардағы анықталған өзгерістерді рентгендік пленка арқылы анықтауға және құжаттауға мүмкіндік береді. Рентгенологиялық зерттеулер туберкулезді диагностикалауда олардың қолжетімділігімен, ақпараттың жоғарылығымен, аурудың бастапқы кезеңдерінде және аурудың даму барысындағы өзгерістері туралы объективті мәліметтер беру мүмкіндігіне байланысты өте маңызды. Өкпені зерттеудің рентгендік әдісі практикалық денсаулық сақтау саласына енгізілгеннен бері қолданылып келеді.
Рентгенологтарымызды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, денсаулық және жұмыстарына табыс, әр істе амандық тілейміз!!!
Рентгенография туралы қысқаша мәлімет берген ДЛД жетекшісі Зарина Иманқұлова: Рентгенография ағзалардағы анықталған өзгерістерді рентгендік пленка арқылы анықтауға және құжаттауға мүмкіндік береді. Рентгенологиялық зерттеулер туберкулезді диагностикалауда олардың қолжетімділігімен, ақпараттың жоғарылығымен, аурудың бастапқы кезеңдерінде және аурудың даму барысындағы өзгерістері туралы объективті мәліметтер беру мүмкіндігіне байланысты өте маңызды. Өкпені зерттеудің рентгендік әдісі практикалық денсаулық сақтау саласына енгізілгеннен бері қолданылып келеді.
Өкпенің рентгендік зерттеулері жиі жасалады - өйткені өкпе туберкулезі инфекцияның ең таралған және ең қауіпті түрі болып табылады.
Туберкулездің таралуының алдын алу және оны ерте анықтау мақсатында тұрғындарды флюорографиялық тексеру жүргізілуде.
Өкінішке орай, халық арасында «флюорографияны жүргізу кезінде жоғары әсер ету» туралы пікір бар.
Қазіргі уақытта флюорографиялық зерттеулер ең аз сәулеленуі бар заманауи, цифрлық флюорографтарда жүргізіледі.
Айта кету керек, флюорографиялық тексеру тек туберкулезді ерте кезеңде анықтауға ғана емес, кеуде қуысының ісік ауруларын, өкпенің туа біткен аномалияларын, кәсіптік өкпе ауруларын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.