Футбол жанкүйерлері асыға күтіп отырған өткен апта қорытындысы бойынша біздің жігіттер екі ойын өткізді. 05 қараша 2022 жылғы ойында жиһаз компаниясының FC ALTAMIR командасымен ойнап тең ойын нәтижесін көрсетті.
Сондай-ақ , 06 қараша күнгі ойында аты әйгілі Ниссан компаниясының FC MCC -пен ойнап 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Жалпы 10 қыркүйекте басталған бұл турнирға Алматы қаласы «Фтизиотопульмонология орталығының» директоры Жанар Адилханқызы Сапиева жақсы қолдау білдіріп ,команда мүшелерін ынталандырып отырады. Жарыс ұйымдастырушы P.F.L.(Престижная футбольная лига ) әкімшілігі , директор А. Ж. Насыпбаев өз атынан басшымыздың атына алғыс хатын команда капитаны , жас маман Еламан Қанайбековке табыс етті.
Енді осы аптада 1 ойын қалды.Спорт пен медицинаны алдыңғы қатарда бірдей алып жүрген намысты жігіттерімізге тек жеңіс тілейміз!