View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1306-tuberkulezge-arsy-2022-zhyldy-9-ajyny-orytyndysy-bojynsha-al-a-otyrysy-tti.html#sigFreeId3f6eeb86e3
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1306-tuberkulezge-arsy-2022-zhyldy-9-ajyny-orytyndysy-bojynsha-al-a-otyrysy-tti.html#sigFreeId3f6eeb86e3
04.11.2022 жылы Алматы қаласында 2022 жылдың 9 айындағы туберкулезге қарсы іс-шаралардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ҰФҒО,ӘМСҚ,МФБК,СЭБД және РЭДО өкілдерінің қатысуымен онлайн режимде алқа отырысы өтті. Алқа төрағасы және спикер Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Шаметеков И.М.
Қалада туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты, туберкулез бойынша негізгі көрсеткіштер республикалық көрсеткіштен төмен.
Алматы қаласы бойынша 2022 жылдың 9 айындағы фтизиопульмонологиялық көмектің қорытындысы туралы баяндаманы Алматы қаласы ДСБ бас штаттан тыс фтизиатры, Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева ұсынды. Ол Алматы қаласындағы туберкулез бойынша жағдай туралы егжей-тегжейлі баяндап, түйткілді мәселелер мен 2023 жылға арналған туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жоспарын қарастырды.
Алқа жұмысына қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының басшылары мен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс мамандары қатысты.