Әлімбаева Зияда Сапарқызы, 1988 жылы 3 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
2010 жылы «Евразийский институт рынка», бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді. 2020 жылы Магистратураны бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын ЖШС «Сарыжаз минерал майнинг» есепші көмекшісі болып бастады.
2009- 2011ж аралығында Алматтты қаласы «Туберкулезге қарсы балалар санаторий» ҚКҚК мекемесінде есепші қызметін атқарды.
2011 жыл ақпан айынан бастап Алматтты қаласы ДСБ «Ауданаралық түберкулезге қарсы диспансер» ҚКҚК-да бас есепшінің орынбасары болып қабылданды, 2018 жылы мекеменің аты ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК болып ауыстырылды.
2014 жылы бас есепші болып тағайындалды, сол уақыттан бері бас есепші қызметін абыроймен атқарып келеді.
Осы жұмыс істеген уақытында өзін жоғары білімді маман ретінде көрсете білді. Үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
2020 жылдан 2022 жылға дейін COVID-19 ға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысты. Көпжылдық еңбек еткен кезеңінде коммуникабельділік, креативтілік, талап қоя білу, жаңалықтарға ұмтылу, жауапкершілік, энергиялы, эрудиция қабілеті, өз бетінше шешім қабылдаушылығы байқалды.
Әлімбаева Зияда Сапарқызы өнегелі отбасының отанасы, 4 баланы отағасымен бірге тәрбиелеп отырған көпбала ана.
Зияда Сапарқызы,Сізді марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еселене берсін, отбасындағы береке мен бақыт ортаймасын!