➡️01.06.2022ж.Алматы қаласының Фтизиопульмонология Орталығында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жүргізілетін туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында 31-мамырда кезекті оқыту жүргізілді. Оқыту халыққа туберкулез ауруы аясында көмек көрсету үшін емхана дәрігерлерінің білімін жетілдіру мақсатында бекітілген бағдарлама бойынша сәуір айынан бастап, аптаның арбір сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіліп келеді. Емхана дәрігерлері Фтизиопульмонология Орталығының зертхана маманы, дәрі-дәрмекпен қамту ақпараттық жүйесінің координаторы, Үкіметтік емес ұйымның координаторы, фтизиатр-дәрігерлерінен білім алды. Емхана дәрігерлері жұмыс барысында туберкулез бойынша кездесетін мәселелерімен бөлісіп, өз ісінің білікті мамандарынан сұрақтарына жауап алды.

➡️Алматы қаласының ГП№ 1, ГП№ 4, ГП№ 10, ГП№ 13, ГП№ 16, ГП№ 19, ГП№ 20, ГП№ 22, ГП№ 24, ГП№ 28, ГП№ 29, ГП№ 32, ГКБ №7, ВОВ, ТОО «МаксатМед.», ҚА «Алатау», ТОО «Макиза» емханалаларының педиатрлары, терапевтері, жалпы тәжірибелік дәрігерлері оқытудан өтті. Жалпы саны 55 болатын емхана дәрігерлеріне тестілеу сұрақтарынан өткенннен кейін «МСАК деңгейінде жүргізілетін туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында білімін жетілдіргенін растайтын куәлік тапсырылды.

➡️Мамыр айында 32 емханадан 288 дәрігер оқытудан өтті.