2022 жыл 19 мамыр. Алматы қ. Фтизиопульмонология орталығында «БМСК деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында кезекті тренинг өтті. Дәрістерді фтизиатр-дәрігерлер, зертхана қызметінің маманы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің үйлестірушісі, ҮЕҰ үйлестірушісі оқыды. БМСК деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша дәрігерлердің білімін арттыру мақсатында 5 сәуірден бастап аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері тренинг өткізілуде.

Мамыр айында қаладағы 24 емхананың 145 БМСК дәрігері оқытылды.
19 мамырда БМСК жалпы тәжірибелік дәрігерлері және педиатрлары яғни, №4 ҚЕ, №9,12, №14, №16, №20, №24, №19, №23 ҚЕ, №28 ҚЕ, №32 ҚЕ, №36 ҚЕ, «МаксатМед» ЖШС, «Опен клиника» МО, «АЖБ» емханасы. Тестілеуден өткеннен кейін 38 дәрігерге ФО-да оқуды аяқтағаны туралы сертификат берілді.