2022 жылдың мамыр айында Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-тың Мониторинг және бағалау бөлімінің мамандары Ахметкалиева Дариға, Мухаметкаримқызы Эльвира, Буланбаева Гулнара 3 емханада мониторинг жүргізді. ШЖҚ «№ 16 Қалалық емхана» (06.05.2022ж), «Опен клиник» және «Мақсад Мед» медициналық орталықтарында (16.05.2022ж).
Мониторингтің міндеті – әдістемелік көмек көрсету және емханада жүргізіліп жатқан туберкулезге қарсы бағдарламаның тиімділігін бағалау, сондай–ақ проблемалық мәселелерді анықтау, алынған ақпаратты қорытындылау және БМСК деңгейінде туберкулезбен тиімді күресу бойынша іс- шараларды одан әрі жоспарлау.
Емханада балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулинді диагностикалау бойынша атқарылған іс шаралар бағаланып әдістемелік қызметтер жасалынды. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы флюорографиялық тексеру қызметі, науқастардың амбулаториялық емін сапалы жүргізу қызметі сарапталып бағаланды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1143-monitoring-zh-ne-ba-alau.html#sigFreeId45d2f9d396