2022 жылдың 18 мамырында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК (ФО) қызметкерлері зауыт өкілдерінің шақыруымен «Абду Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС фармацевтикалық зауытына барды. Зауытта циклосерин, моксифлоксацин және амисолид сияқты дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу режимінде қолданылатын туберкулезге қарсы препараттар шығарады.
Кәсіпорын ондаған ауруға қарсы 100-ден астам дәрі шығарады. «Абду Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС (AIGP) – 2012 жылдың қазан айында «Abdi Ibrahim» (Түркия) және Lancaster Group (Kazakhstan) ірі екі фармацевтикалық компанияның интеграциясы арқылы құрылған фармацевтикалық компания. «Abdi İbrahim» – бұл секторда ғасырлық тәжірибесі бар Түркиядағы фармацевтикалық нарықтың көшбасшысы. «Lancaster Group» (Казахстан) құрамына кіретін 2000 жылы негізі қаланған «СП Глобал Фарм» ЖШС дәрі-дәрмек өндірісінің толық циклі бар Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібіндегі ірі компаниялардың бірі болып табылады. Зауыт жоғары сапалы дәрілік заттардың таблеткалары мен капсулаларын шығарады.
ФО қызметкерлерін «Абду Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС бас директоры Фарух Раджиевич Рзаев қарсы алды. Экскурсияны өндірісті жоспарлау және операциялық шығындар жөніндегі менеджер Чахо Ридванов жүргізді. Кездесуді негізгі есеп менеджері Раушанов Алмас Қайратұлы және медициналық өкіл Нұртазин Алмас Мұхитұлы ұйымдастырып, сүйемелдеді.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1140-too-abdu-ibrakhim-global-farm-zhshs-farmatsevtikaly-zauyty.html#sigFreeId16a55458be