2022 жылдың 16 мамырында Алматы қ. Қоғамдық денсаулық басқармасының №5 Қалалық клиникалық ауруханасында Медеу ауданы аудандық медициналық бірлестігі (АМБ) базасында бас дәрігер және үйлестірушісі Б.Н.Садықов, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс фтизиатры Ж.А. Сапиева БМСК деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша кезекті «Дөңгелек үстел» өткізілді, іс-шараға бас дәрігерлер мен бас дәрігердің орынбасарлары, аудандық емхана бөлім меңгерушілері, аудандық фтизиатрлар, амбулаторлық емдеу және қақырық жинау кабинеттерінің медицина қызметкерлері, фтизиопульмонология орталығының (ФО) мониторинг және бағалау бөлімінің мамандары мен емхананың жауапты мамандары қатысты.
Кездесу барысында Медеу ауданы МСАК фтизиатрлары тыңдалып, түйткілді мәселелер талқыланды.
Аудандағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға талдауды №5 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.О.Төлегенова сөйледі.
ФО мониторингі және бағалау бөлімінің жүргізген мониторинг нәтижелері талқыланып, түйткілді мәселелер айтылып, шешу жолдары айтылды. Амбулаторлық кезеңде емдеуді ұстануды жақсарту үшін емдеудегі үзілістерді алдын алу мақсатында ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу жұмысын күшейту ұсынылады.
Қорытындылай келе, Медеу ауданы бойынша БМСК медициналық ұйымдарына 5 айдың қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қайталама медициналық кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.
Туберкулезді алдын алу, дер кезінде диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша алдағы жұмыстардың міндеттері мен жоспарлары анықталды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1138-medeu-audany-amb-de-tb-bojynsha-d-gelek-stel.html#sigFreeIddbede735ba