Өзіңізді туберкулезден сақта!

Туберкулез емделеді және алдын алуға болады!

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде (2 аптадан астам жөтел, кеудедегі ауырсыну, түнде тершеңдік, салмақ жоғалту, түнде дене температурасының 37-37,5 дейін көтерілуі) тұрғылықты жері бойынша емхананың дәрігеріне хабарласу керек.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК (ФО) 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша аудандық медициналық бірлестігімен «Дөңгелек үстел» өткізу жұмысын жалғастыруда.

13.05.2022 жыл Түркісіб ауданының БМСК ұйымдарымен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды..

Бұл іс-шараның мақсаты БМСК деңгейінде туберкулезге қарсы іс

шараларды ұйымдастыруды жетілдіру және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

«Дөңгелек үстел» Түрксіб ауданы аудандық медициналық бірлестігінің

(АМБ) базасында №28 Қалалық емханада АМБ үйлестірушісі, бас дәрігер А.А.Солтангазиевтің, ФО директоры Ж.Сапиеваның және бас дәрігерлер мен бас дәрігердің орынбасарлары, аудан емханаларының бөлім меңгерушілері, емханалардың учаскелік фтизиатрлары, амбулаторлық емдеу және қақырық қабылдау кабинеттерінің жауапты медицина қызметкерлері, ФО мониторинг және бағалау бөлімінің мамандарының қатысуымен өтті.

Отырыс барысында туберкулезге қатысты эпидемиологиялық жағдайдың

мәселелері және ФО Мониторинг және бағалау бөлімі жүргізген мониторинг нәтижелері тыңдалып, талқыланды, түйткілді мәселелер айтылды, сондай-ақ оларды шешу жолдары айтылды. Амбулаторлық кезеңде емдеуді ұстануды жақсарту үшін емдеудің үзілуін болдырмау мақсатында ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу жұмысын күшейту ұсынылады.

Дөңгелек үстел отырысының соңында Түрксіб ауданының БМСК

медициналық ұйымдары үшін туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы шешім қабылданып, мерзімдері белгіленіп, алдын алу бойынша және уақтылы туберкулезді диагностикалау және емдеу алдағы жұмыстардың міндеттері мен жоспарлары белгіленді.