2022 жылдың 13 мамырында Қазақстандағы Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаның техникалық кеңесшісі, STOP TB серіктестігінің консультанты доктор Виктор Бурински және Жаһандық қор мамандары Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК-ге барды.
Сапардың мақсаты:
Бактериологиялық зертханасының жұмысын бағалау, GeneXpert жедел молекулалық технологиясын қолдануды кеңейту;
Дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастар үшін жаңа препараттарды және модификацияланған қысқа режимдерді қолдану және қолдануды одан әрі кеңейту.
Виктор Бурински аурухананың фтизиатрларына туберкулезді емдеудің ұтымды схемалары және туберкулезге қарсы препараттардың жағымсыз әсерлері бар науқастарды тиімді емдеп, бақылау туралы айтып берді;
ТБ01 және туберкулез бойынша медициналық құжаттардың жүргізілуін тексерді.
Тағайындалған емдеу режимдерінің дұрыстығын, дәрілік препараттар кешенін және науқастарды зерттеуге арналған молекулалық-генетикалық әдістерді бағалады.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1132-aza-standa-y-tuberkulezge-arsy-ba-darlamany-ke-esshisini-sapary.html#sigFreeId6937c3d791