2022 жылдың 11 мамырында Алматы қ. ШЖҚ «Фтизиопульмонологиялық орталық» МКК-та пульмонология бөлімі жұмысын қайта бастады.
Бөлімшеге пациенттер емхана мамандарының жолдамасы бойынша жоспарлы түрде қабылданады. Бөлімше туберкулезді респираторлық аурулардан дифференциалды диагностикалауға және респираторлық аурулардың созылмалы түрлерін емдеуге арналған.
Бөлімше меңгерушісі, пульмонолог-дәрігер Бимбетова Әлия Тұрсынбекқызы былай дейді: «Бірінші жұмыс күнінде 2 науқас ауруханаға жатқызылды, біреуі пневмонияның ұзаққа созылған түрімен және 1 науқас плевритпен асқынған созылмалы обструктивті өкпе ауруы. Барлық науқастар алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесінің жолдамасы бойынша тексеруден өтіп, антибиотиктерге сезімталдықты ескере отырып, клиникалық хаттамаға сәйкес емдеу басталды».
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1130-almaty-ftiziopulmonologiya-ortaly-ynda-pulmonologiya-b-limini-ashyluy.html#sigFreeId9400e31e88