2022 жылы 12-мамырда Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жүргізілетін туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында кезекті оқыту жүргізілді№
Оқытуды дәрігер-координаторлар, зертхана маманы, дәрі-дәрмекпен қамту ақпараттық жүйесінің координаторы, Үкіметтік емес ұйымның координаторы жүргізді.
Оқыту халыққа туберкулез ауруы аясында көмек көрсету үшін емхана дәрігерлерінің білімін жетілдіру мақсатында бекітілген бағдарлама бойынша сәуір айынан бастап, аптаның арбір сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіліп келеді№
Бұл күні №№ 9,11,13,14,19,20,22,23,25, 29,ЖДБ емханаларының педиатрлары, терапевтері, жалпы тәжірибелік дәрігерлері, барлығы 20 адам, кесте бойынша оқытудан өтті. Емхана дәрігерлеріне тестілеу сұрақтарынан өткенннен кейін білімін жетілдіргенін растайтын куәлік тапсырылды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1129-emkhana-mamandaryna-arnal-an-seminar.html#sigFreeIde531288dc1