2022 жылғы 12 мамырда Қазақстандағы Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаның техникалық кеңесшісі, STOP ТВ халықаралық серіктестігінің кеңесшісі доктор Виктор Буринскидің Алматы қ., №4 қалалық емханаға сапары.

Сапардың мақсаты:

дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастар үшін жаңа препараттарды және модификацияланған толық ауызша қысқа режимдерді енгізу және қолдануды кеңейту;

GeneXpert жылдам молекулалық технологиясын қолдануды кеңейту.

Виктор Бурински жалпы тәжірибелік дәрігерлермен туберкулезді анықтау әдістері, емхана деңгейінде туберкулезге күдікті науқастың жүру жолы туралы әңгімелесті.

Туберкулезге шалдығу қаупі жоғары топ арасындағы скрининг және оның тиімділігімен танысты.

Белгіленген емдеу режимдерінің дұрыстығын, дәрілік препараттар кешенін, амбулаторлық емдеуді қамтуды және науқастарды зерттеудің молекулалық-генетикалық әдістерін бағалады.