Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні (International Nurses Day) атап өтіледі. Бұл күні ақ халатты абзал жанды медбикелерге құрмет көрсетіліп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады.
Медбике мамандығы – ең асыл, ең қажетті, адамгершілігі мол мамандықтардың бірі. Науқастың жазылу қарқыны көбіне медбикелердің сезімтал да қамқор қолдарына, еңбекқорлығы мен ізгі ниетіне де байланысты. Қазіргі уақытта медбикелер медициналық қызметкерлердің ең үлкен санатын құрайды, өйткені медициналық тәжірибеде медбикелер медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін орындайды.
Фтизиопульмонология орталығында 113 медбике жұмыс істейді. Медбикелердің 27,7 пайызы жоғарғы білім алған, сондықтан оларға дәрігердің кейбір өкілеттіктері берілді.
12 мамыр 2022 жылы Фтизиопульмонология орталығының конференц-залында бас медбике Қажыкенова Айгүл орта буынды медицина қызметкерлерді құттықтады.
Медбикелерімізді мерекемен құттықтаймыз және зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық, еңбекте ерен еңбек, емделушілерден алғыс, жеке бақыт тілейміз!
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1124-b-gin-khaly-araly-medbikeler-k-ni.html#sigFreeId1680c3d8b7