Фтизиопульмонология орталығында қосымша қызметтің ашылуы
✅2022 жылдың мамыр айынан бастап Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында БМСК ұйымдарында фтизиатрдың консультациясынан басқа, Алматы қаласындағы Фтизиопульмонология орталықтың базасында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ақылы қызмет көрсету кабинеті ашылды, онда қала тұрғындары мен қонақтар фтизиатр мен пульмонологтың кеңесін ала алады және кеуде қуыс органдарын Компьютерлік томография, рентгенологиялық тексеру сияқты диагностикалық зерттеулер және де туберкулезге экспресс-тест әдісін қолдану арқылы зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
✅Ақылы қызмет көрсету кабинетінің жұмысы бекітілген Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
✅Радиология бөлімінің жұмыс уақыты демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін.
✅Фтизиатрдың кеңесі 09:00-ден 13:00-ге дейін.
✅Пульмонологтың кеңесі әр сейсенбі күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін.
✅Байланыс телефонының нөмірі: тіркеу бөлімі 8 (727) 2250036.